Жаңалықтар

Жыл сайын студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артып отырады

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі айтты
Жыл сайын студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артып отырады
Фото: 24.kz 16.11.2022 15:45 1120

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Қазіргі таңда елімізде 119 ЖЖО бар. 600 мыңнан астам студент оқиды. Соның ішінде 38 пайызға жуығы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатыр. Жыл сайын грант саны өсуде. Биыл 88 мың грант берілді. Олардың 60 пайызы техникалық мамандарға берілді. Серпін бағдарламасына 3653 грант бөлінді, одан бөлек арнайы бағдарламамен келген шетел азаматтарына 490 грант бөлінді», - деді вице-министр.

Мемлекет басышысының тапсырмасы аясында білім жетістіктері және азаматтардың әлеуеті категориясы ескеріле отырып, гранттарды бөлу моделін жетілдіру қарастырылып жатқанын айтты.

«Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға өсті. Былтыр бакалавриат 31 мың теңгені құраса, қыркүйектен бастап 36 мың теңгеден алып жатыр. Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы биыл 15 пайызға өсті. Бұл үрдіс келесі жылы да жалғасады. Яғни, жыл сайын 20 пайызға артып отырады», - деді Қуаныш Ерғалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға