Жаңалықтар

Жыл сайын бүкіл әлемде World Clean up Day акциясы өткізіледі

Жыл сайын бүкіл әлемде World Clean up Day акциясы өткізіледі
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі 15.09.2023 02:26 471

Бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін Біріккен күн, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Қазақстан бұл әлемдік бастамадан тыс қалмайды және жыл сайын акцияға белсенді қатысады.

Биыл World CleanUp Day акциясы 16 қыркүйекке жоспарланған. Акция республиканың барлық өңірлерінде өткізілетін болады.

Біз барлық азаматтарды акцияға белсенділік танытып, қоршаған орта тазалығы үшін өз үлестерін қосу шақырамыз, - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға