Жаңалықтар

Жыл сайын балалар арасында 600-ге жуық қатерлі ісік анықталады

Жыл сайын балалар арасында 600-ге жуық қатерлі ісік анықталады
Фото: ©El.kz/Мұхтар ХОЛДОРБЕКОВ 12.10.2023 16:44 629

Жыл сайын балалар арасында 600-ге жуық қатерлі ісік анықталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Денсаулық сақтау министрлігі балаларға онкогематологиялық көмекті дамытуды қолға алғанын атап өтті.

Елімізде онкогематологиялық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі тәсілі іске асырылды. Балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету бойынша үйлестіруді екі ірі ғылыми орталық жүзеге асырады: Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығы, - деді ол.

Айтуынша, елімізде балалар онкогематологиясына арналған 508 төсек-орын орналастырылған, 88 балалар онкогематологы жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық бақылауында қатерлі ісіктердің ремиссиясында 4 мыңға жуық бала байқалады. Жыл сайын балаларда 600-ге дейін қатерлі ісік анықталады, - деді Дудник.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға