Жаңалықтар

«SOS» дабыл батырмасы шұғыл жағдайларда көмекке келеді

Жыл басынан бері «SOS» батырмаларына қылмыс фактілері бойынша 11 өтініш келіп түскен
 «SOS» дабыл батырмасы шұғыл жағдайларда көмекке келеді
Фото: polisia.kz 19.09.2022 14:45 1645

«SOS» дабыл батырмасы шұғыл жағдайларда көмекке келеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

Елордалық полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету міндеттерін тиімді әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Астанада демалыс орындары және адамдар көп жиналатын 13 жерде полицияны шұғыл шақыру үшін «SOS» дабыл батырмалары орнатылған. Жыл басынан бері «SOS» батырмаларына қылмыс фактілері бойынша 11 өтініш келіп түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға