Жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 5% өскен

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 5% өскен
Фото: primeminister.kz 16.05.2023 10:35 848

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ға өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ды құрады.

Негізгі салалардың барлығында оң динамика тіркеліп отыр, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады, - деді министр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі де өскен. Ол 5,1% құрады. Ал тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2%-ға жоғарылады.

Министр құрылыс жұмыстарының көлемі 15,4% артқанын айтты. 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,9% жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға