Жаңалықтар

Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 110 адам сотталды

Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 110 адам сотталды
Фото: © ОҚК 28.07.2023 13:28 1163

Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 110 адам сотталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов айтты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оның бесеуі еңбек құлдығына жеккені үшін жауапкершілікке тартылды. 14 жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу дерегі бойынша. Оның ішінде 7 кәмелетке толмаған азамат бар.

Адам саудасына қатысы болғаны үшін 24 азамат сотталды. Оның он төрті кәмелетке толмағандар. Жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 14 азамат жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 16 кәмелетке толмаған азамат бар. 67 іс жеңгетайлықпен айналысқандарға қатысты.
Аталған фактілер шаруа қожалықтары, жайылымдар, қыстақтар, сауналар, қонақ үйлер, кешендер мен басқа да объектілерді тексеру кезінде анықталды.

Статистикалық деректерге сәйкес, жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ден астам дерек тіркеледі. 2020-да – 111, 2021 жылы – 103, былтыр 77 қылмыстық іс тіркелді.

Сондай-ақ 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. 2020 жылы – 1, 2021 жылы – 3, былтыр 5 осындай қылмыс тіркелген. Оларды Бахрейн Корольдігі, Оңтүстік Корея елдерінен алып кетпек болған.

Министрлік құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөнінде елеулі шаралар қабылдауда. Жүйелі негізде профилактикалық және практикалық жұмыс. Өздеріңіз білетіндей, адам саудасы әртүрлі нысандарда көрінеді: жыныстық қанау; мәжбүрлі еңбек, бала асырап алу мақсатында жаңа туған балалардың саудасы, қайыр сұрауға мәжбүрлеу, адам ағзаларын алу. Көбінесе қылмыстар ұйымдасқан сипатта болады. Мысалы, жыл басынан бері 110 қылмыс тіркелді, оның ішінде 5 заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін; жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін 14, оның ішінде жетеуі кәмелетке толмаған; адам саудасы үшін 24, оның ішінде 16 кәмелетке толмағандар, ал 67-сі жеңгетайлық үшін, - деді ол.

Спикердің айтуынша, жыл сайын 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Заңға қайшы әрекеттердің жолын кеседі. 5 ұйымдасқан топ әрекеті кесілді.
Сондай-ақ ол бүгінгі таңда Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында екенін атап өтті. Бұдан бөлек, ІІМ еліміздің барлық мемлекеттік және қоғамдық институттары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар тартылған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын әзірлеуде.

Бұл жоба мемлекеттік билік органдарының, полиция мен жауапты қоғамдастықтың өзара іс-қимылы мен белсенді қатысуына негізделген құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді жүйесін құрудың іргетасына айналады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары құқықтық мемлекеттің негізі ретінде қауіпсіз қоғам құру үшін жағдайлар жасау, азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен әріптестікке, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша негізделген қазіргі заманғы превенция жүйесіне айналдыру болып айқындалған.

Сонымен қатар, тұжырымдамада полиция жұмысын трансформациялау, бюрократиялықтан қоғам сұраныстарына бағдарланған адам орталықтандырылған, клиентке бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға