Жаңалықтар

Жүрсін Ерманның құдасы ескерту жасады

Жүрсін Ерманның құдасы ескерту жасады
Фото: instagram.com/zhursin_yerman / ©AP/Johanna GERON 24.05.2023 13:22 1491

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Covid-19-дан әлдеқайда қауіпті жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды 

Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін [COVID] вирусының басқа да нұсқасы пайда болмасына кім кепіл. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар, - деді ол Женевадағы ДДҰ-ның жыл сайынғы ассамблеясында.

Бұған дейін ДДҰ 2020 жылы жарияланған Covid-19 жаһандық пандемиясының мәртебесін жойған болатын.

Айта кетейік, Тедрос Адханом Гебрейесус ақын Жүрсін Ерманның құдасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға