Жаңалықтар

Журналистер заман ағымына сай жұмыс істеуі қажет – Динара Сәтжан

Журналистер заман ағымына сай жұмыс істеуі қажет – Динара Сәтжан
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 28.04.2023 13:05 935

Бұл туралы журналист, блогер Динара Сәтжан қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Журналистика – жұмысыңа деген махаббат. Кейіпкеріңді толыққанды танып білуге, зерттеуге деген қызығушылық және сол арқылы қызықты материал дайындап шығу. Сондықтан телеарнада, радиода, газетте жұмыс істейтін журналистерге заман ағымынан қалмауға тырысуы керек. Яғни тілшілер ақпарат таратып қана қоймай, әлеуметтік желілерде парақшасын ашып, оны қызықты етіп жүргізуі қажет, - деді журналист.

Сондай-ақ Динара Сәтжан тілшілерге телеграм, инстаграмнан бөлек, тиктокқа да көңіл бөлу керектігін айтады. Оның сөзінше, тикток көпшілік арасында кеңінен таралған әлеуметтік желілердің бірі.

Пандемия басталмас бұрын қызықты сұхбатты тек телеарнаға барып, эфирде ғана өткізуге болады деп ойлайтынмын. Алайда пандемия кезінде ешқайда шықпай-ақ, үйден ерекше сұхбатты дайындауға болатынына көзім жетті. Сол кездері телефонмен тікелей эфирге кіріп, ерекше кейіпкерлермен сұхбат жүргізгенде, үйде отырғанымды ұмытып та кететін едім. Сондықтан сіз қарапайым ғана тілші болып қалғыңыз келмесе, заман ағымына сай жұмыс істеуіңіз керек, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға