Жаңалықтар

Журналистер одағы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды

Журналистер одағы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары анықталды
Фото: © El.kz 23.06.2023 18:42 1199

Қазақстан Журналистер одағының  2023 жылғы байқауының жеңімпаздары мен биылғы жылы Қазақстанның құрметті журналисті атағын алған БАҚ өкілдері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілген байқаудың жеңімпаздарын Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев құттықтады:

Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан мереке – БАҚ қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан Журналистер одағы кәсіби мерекемізге арналған дәстүрлі байқаудың қорытындысын шығарды және мен біздің аспанымызда отандық жарық жұлдыздар – талантты, шығармашыл және кәсіби деңгейі жоғары журналист-патриоттардың жаңа есімдері жанғанына өте қуаныштымын! Биылғы байқауда түрлі деңгейдегі оқиғаларды қамтудың күрделі міндеттерін қоюға және шешуге, сыни жағдайлардан шығу жолдарын талдауға және іздеуге қабілетті жаңа есімдер, жобалар мен шығармашылық ұжымдар анықталды. Құрметті әріптестер мен достар! Бай және гүлденген мемлекетте өмір сүру және жұмыс істеу үшін жаңа Қазақстанды қазір және бірге тұрғызайық! Баршаңызға білімге құштарлық, жаңа ашылымдар, биік самғау және асқақ арман тілеймін, - деп, өзінің жүрекжарды ізгі тілегін білдірді.

Сонымен, Қазақстан Журналистер одағының 2023 жылғы байқауының лауреаттары атанғандар:

  1. «Airan» YouTube арнасының шығармашылық тобы: Вячеслав Николаев, Данара Исметова, Анна Яломенко, Алтыншаш Смағұлова, Ирина Криштоп, Дәурен Меркеев;
  2. «TheVillageKazakhstan» шығармашылық ұжымы: Алима Пардашева, Александра Аканаева, Анастасия Москаленко;
  3. Никита Шамсутдинов, «MasaMedia» бас редакторы;
  4. Петр Троценко, «Азаттық» радиосының фототілшісі, арнайы тілшісі;
  5. Әлібек Байшүленов, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі;
  6. Қажет Андас, «Жетісу» газетінің тілшісі (Талдықорған қаласы);
  7. Есбол Үсенұлы, Abai.kz порталының контент-редакторы (Алматы қаласы);
  8. Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі;
  9. Әлия Тілеужанқызы, «Түркістан» газетінің шолушысы;
  10. Арайлым Өсербаева, «Мой город» порталындағы журналистік зерттеуі үшін (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы) берілді.

Арнайы сыйлықтармен марапатталғандар:

  • «Қалам сынағы» аталымы бойынша ынталандыру сыйлығы - С.Серіков атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ангела Волынкинаға (Ақмола облысы, Есіл қаласы);
  • Камал Смайылов атындағы арнайы сыйлық- тендерлер мен мемлекеттік сатып алулар бойынша журналистік зерттеуі үшінkz медиа-жобасының редакторы ЖәмилаМаричеваға;
  • Фототілші Рахымбай Ханалы атындағы арнайы сыйлық El.kz ақпарат агенттігінің фототілшісі Дәурен Мақсұтханұлына;
  • «Дат» газетінің Бықытгүл Мәкімбай атындағы сыйлығы - «Әкімдер» циклі үшін YouTube желісіндегі «Обожаю» арнасының авторы Асхат Ниязовқа (Астана қаласы) берілді.

Қазақстан Журналистика академиясының Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлығы «Казахстанская правда» газетінің публицисті Елена Брусиловскаяға берілді.

Халықаралық журналистика саласында Юлдаш Азаматов атындағы сыйлық Сәуле Ахметоваға («Мысль» журналы) берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алғандар да белгілі болды:

  1. Шархан Нағметұлы Қазығұлов (Астана);
  2. Сергей Козлов (Алматы);
  3. Бейбітгүл Тоқанқызы Жұмажан (Алматы);
  4. Михаил Васильевич Паличев (Атырау облысы);
  5. Болатбек Бисұлтанұлы Бисұлтан (Жетісу облысы);
  6. Қанат Біржансалұлы Біржансалов (Алматы облысы);
  7. Амангелді Дауылбайұлы Жұмабек (Ақмола облысы);
  8. Сағындық Егінбайұлы Ниянқұлов (Ақтөбе облысы);
  9. Қабдылқайыр Қабдыләшімұлы Құдайбергенов (Шығыс Қазақстан облысы)
  10. Серікбай Құралбайұлы Құралбай (Жамбыл облысы);
  11. Рымбек Смағұлов (Қарағанды ​​облысы);
  12. Жолдасбек Әленұлы Ақсақалов (Қызылорда облысы);
  13. Айтбай Асанұлы Аймағанбет (Маңғыстау облысы);
  14. Ержаслан Смағұлов (Павлодар облысы);
  15. Халида Халитқызы Шагвалеева (Солтүстік Қазақстан облысы);
  16. Мұратқазы Сейсенұлы Әлин (Абай ауданы);
  17. Нұрлан Құлбекұлы Кенжеғұлов (Түркістан облысы);
  18. Сағынгүл Тоғызбайқызы Жантурина (Ұлытау облысы);
  19. Сенбек Құттыбайұлы Ералы (Шымкент).
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға