Жаңалықтар

Журналист Василий Уткин өмірден өтті

Журналист Василий Уткин өмірден өтті
Фото: instagram.com/realradioutkin 19.03.2024 21:10 486

Ресейлік журналист, комментатор Василий Уткин өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 наурызда Василий Уткиннің Алматыда Қазақстан құрамасы мен Грекия матчын жүргізетіні айтылған еді. Ресейлік БАҚ журналистің жүрегі ауырғанын жазып жатыр.

Уткин 1989 жылдан бастап телевизия саласынжа жұмыс істей бастады, ал 1994 жылдан бастап НТВ телекомпаниясының қызметкері болды, онда «Футбол клубы» бағдарламасын жүргізді. 2015 жылға дейін футбол матчтарында комментатор болды. 2004 және 2005 жылдары «Үздік спорт комментаторы» аталымы бойынша «ТЭФИ» сыйлығының иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға