Жаңалықтар

Жүргізушілер сапарға шығарда ауа райын ескеруі тиіс - ТЖМ

Жүргізушілер сапарға шығарда ауа райын ескеруі тиіс - ТЖМ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 04.11.2023 13:26 588

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын СМС-ескертулерді қадағалауды сұрап отыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрбір көлікте төтенше жағдайда қажетті заттар болуы тиіс. Оның ішінде дәнекерлеу шамы, сымарқан, доңғалақ тізбектері, күрек, парафинді шамдар, сондай-ақ жылы киім, қажетті заттар, азық-түлік пен су қоры қарастыруы керек, - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

ТЖМ қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз бірнеше автомобилмен топтасып жүру керектігін де қаперге салып отыр. Себебі бұзылған жағдайда бағандағы жүргізушілер көмекке бірден келмек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға