Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігінен айырылған жас жігіт бір ай өткен соң тағы да мас күйде рөлге отырған

Жүргізуші куәлігінен айырылған жас жігіт бір ай өткен соң тағы да мас күйде рөлге отырған
Фото: © Pexels.com 03.02.2024 06:37 555

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан арада бір ай өткен соң қайта рөлге отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер патрульдеу кезінде орта дәрежелі мас күйде «ВАЗ» маркалы автокөлікті басқарған қаланың 31 жастағы тұрғынын анықтады. Тексеру барысында жүргізушіні сот 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырғанына тура бір ай өткені белгілі болды. Бірақ бұл оның қайтадан рульге отыруына кедергі келтірмеген.

Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде болған адамның көлік құралын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетсек, жыл басынан бері өңірде 100-ден астам жүргізуші мас күйде рөлге отырған. Оның 3-уібұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға