Жаңалықтар

«Жүрекке әмір жүрмейді». Қарақат Әбілдина аралас неке туралы сұраққа жауап берді

«Жүрекке әмір жүрмейді». Қарақат Әбілдина аралас неке туралы сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/karakat_a 19.12.2023 17:04 4366

ҚР Мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина аралас неке туралы оқымандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында аралас неке туралы сұраққа жауап беру қиындық туғызатынын айтты.

Аралас неке… “Өзге ұлтқа үйлену, тұрмысқа шығу дегенге көзқарасыңыз қалай?” деп сұрайды көп оқырман. Өте қиын сұрақ мен үшін…Махаббат дейміз… Жүрекке әмір жүрмейді… “ деп жатады. Сіз, мен, біз айтқанда одан біреу тоса ма, тосыла ма?!. Жоқ. Қалай болғанда да әр адамның өз өмірі, қалауы, таңдауы” дейміз де, қала береміз. Сезіммен санаспауға тағы болмайды. Қаншама қызды ұзатып, тойларында жүрміз. Әсіресе соңғы жылдары өзге ұлтпен бас қосып жатқан жастар көп. Әрине қимайсың. Қан таза болса екен дейсің, - деп жазды өнер иесі.

Ұл мен қыз өсіріп отырған соң  кесіп айту да қиын екендігін мойындайды.

Асылық айтып, асыра сілтеуге де қорқасың. Бірақ маған салса балаларымның бәрі өз ұлтымыздан, қаны таза, сүйегі текті, таза қазақтан алса екен, барса екен деймін. Солай тілеймін. Қыздың өзге ұлтты таңдап, тосылмай кете барғанына бір өзі, не ата-анасы ғана емес, бүкіл ұлт кінәліміз ау… Енді мұны тарқатып айтсаң кете береді, – делінген жазбада. 

Кейбір желі қолданушылары әншінің пікірін қолдаса, кейбірі «қай ұлт болмасын адам бақытын табпса болғаны» деген пікір айтып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға