Жаңалықтар

Жүрек жұмысын жақсартатын 10 өнім

Жүрек жұмысын жақсартатын 10 өнім
Фото: © Pixabay.com 13.12.2023 15:27 1838

Қазіргі уақытта жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққандар жыл санап артып келеді. Бұл дерт ең алдымен жүйкелік-психикалық ширығудың негізінде пайда болады. Олардың алдын алу үшін дәрігерлер төмендегі жеміс-жидек пен тағамдарды пайдалануға кеңес береді.

1. Анар.Бұл жемістің пайдасы жетерлік, себебі оның құрамында А, В1, В2, В3, В5, В6, Е, С дәрумені бар. Ол аз десеңіз, калий, темір, селен, марганец секілді микроэлементтерді де табасыз. Анардың ерекшелігі сол, қабынуға қарсы көмектеседі, концерогендік және иммуностимуляторлық функциялары бар антиоксиданттардан тұрады. Жүрек ауруының алдын аламын десеңіз, күніге бір анар шырынын ішіп жүріңіз.

2. Киви. Жүрекке шипалы жемістердің бірі. Оны үнему пайдалану жүрек ауруларынан бөлек, көз дерттеріне де көмектеседі. Бастысы, киви қанды ұйытпайды, ұйыған қанды ерітеді. Оның құрамындағы жасұнық, калий, кальций, магний, лектин, фосфор, мырыш, темір, марганец, антиоксиданттар мен амин қышқылдары ағзаға өте пайдалы. Кивиді жиі тұтынатын болсаңыз, ағзаға инфекцияның таралуы тежеліп, иммунды жүйе нығайып, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алып, ағзаның қатерлі ісікпен күресуі артып, жүйке жүйесін жақсартады екен.

3. Сарымсақ. Бұл өнім суық тиіп, тұмауратқанда ғана емес, жүрек жұмысына да айтарлық көмегі бар.Онымен қоса, демікпе, көз аурулары, гипертония, құлақ ауруы, безеу, бөртпе және басқа да түрлі ауруларды емдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, антиоксиданттық және микробқа қарсы қасиеттерге ие, қан қысымын қалыпқа келтіреді және холестерин деңгейін төмендетеді.

4. Шабдалы. Шабдалы темір, кальций, натрий, фтор, фолацин, ниацин, фосфор, мыс, марганец, селен, мырыш, магний және С, В, К, РР, Е каротин дәрумендеріне өте бай. Қанайналым жүйесінің жұмыс істеуін қолдайды. Сонымен қатар калий жүрек бұлшықетінің жұмысын реттеп, қалыпты және тұрақты жүрек соғу жылдамдығын сақтау үшін қажет. Е дәруменінің де әсері бар, ол қан тамырларында қан ұйығыштарының пайда болуына жол бермейді.

5. Алма.Алма С дәруменіне өте бай. Соның арқасында ол қантамырларды күшейтіп, микробтардың өткізгіштігіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Яғни, қан таза болса, жүрек оны тазартуға азырақ күш салады деген сөз. Алманы мыңжылдықтан бері жүрек ауруына пайдаланып келеді. Тәулігіне 300-400 гр алма жеу – қан қысымының қалыпты болуына жағдай жасайды. Алманың тағы бір қасиеті артық салмақ тастауға көмектеседі.

6. Өрік. Құрамында А және В дәрумендері болғандықтан, кептірілген өрік жүрекке пайдалы тағамдар рейтингінде жоғары орынға ие. Сол сияқты өрік темір, калий және магнийге бай. Дәрігерлер күнделікті 100 гр өрікті жеу денсаулыққа айтарлықтай пайдасы барын айтады. Сонымен қатар кептірілген өрік дәнінде де пайдалы дәрумендер көп.

7. Авокадо. Авокадо ас қорытуды жақсартады, депрессия қаупін азайтады, қатерлі ісіктен қорғайды. Оның құрамындағы майлар, жүрек жұмысына айтарлықтай оң әсер етеді. Авокадо калийдің, омега-3 май қышқылдарының және лютеиннің бай көзі.Сондай-ақ оның құрамында еритін және ерімейтін талшықтар көп. Күн сайын бір авокадо жеуді бастаудың бірнеше себебін қарастырыңыз. Авокадо майға бай, ол денеге A, K, D және E дәрумендерін сіңіруге көмектеседі. Рациондағы майсыз адам ағзасы майда еритін витаминдерді сіңіре алмайды. 

8. Жүзім мен оның шырыны. Жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартып, қанды көбейтеді. Қан қысымы көтерілуінің алдын алатын дәрумендерге де бай.

9. Балық. Оның құрамындағы майлар жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Лосось, тунец, скумбрия және теңіз өнімдерінде жүрек бұлшық етіне керек дәрумендерге өте бай.

10. Жаңғақ. Е дәруменіне бай бадам, жержаңғақ, грек жаңғағы және тұзсыз пісте жүрекке пайдалы. Бұл қандағы қажетсіз холестерин деңгейін төмендетеді және қантамыр қабырғасын нығайтады. Грек жаңғағы жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, буындар мен иммунитетті нығайтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға