Жаңалықтар

Жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті

Жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті
Фото: egov.kz 06.01.2023 10:51 846

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан, еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері ұлғайтылды, сондай-ақ бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне қарағанда, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын табысты алмастыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем орта есеппен 13%-ға өсіп, арттырылған мөлшерде тағайындалады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалады.

Бұдан бөлек, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасыға базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5%-ға артты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға