Жаңалықтар

Жұмысынан айырылған 106 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Жұмысынан айырылған 106 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.03.2024 17:06 489

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 106,3 мың адамды құрағанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

49,8 мың адамға төлем алғаш рет белгіленді. Төлемдердің жалпы сомасы 12 млрд теңгені құрап отыр.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға