Жаңалықтар

Жұмыссыз жүрген жас қазақстандықтарға 280 миллион теңге беріледі

Жұмыссыз жүрген жас қазақстандықтарға 280 миллион теңге беріледі
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 23.05.2024 17:52 319

NEET жастарына өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Zhas Project мемлекеттік жобасының нәтижесі белгілі болды. Жобаға жұмыссыз жастардан жалпы 4 мыңға жуық өтінім түскен болатын, олардың ішінен 280 өтінім іріктеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының жас тұрғыны Насиба Ағзамова сал ауруымен ауыратын балаларға арналған глютенсіз печенье өндіруге 1 миллион теңгенің грантын алады. Бұл өнім әртүрлі ертегі кейіпкерлер түрінде болады. Сал ауруы бар балалардың құрамында глютені бар тағамдарға аллергиясы немесе жоғары сезімталдығы болуы мүмкін, сондықтан оларға глютенсіз диета пайдалы болады деген теория бар. Бұл өнімдер осындай балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға өтеусіз көмек негізінде берілетін болады. Сонымен қатар, Насиба глютенсіз тамақ өнімдерін өндіру технологияларын үйретуді қолға алуды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік грант Қарағанды облысының тұрғыны Айтолқын Наушарбанға «Qazaq Stil» брендімен қазақи нақыштағы заманауи қолөнерді ұлттық нақышта әрлеу тігін цехын ашуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік бермек.

Құрақ көрпе тігу үлкен кәсібилікті, шыдамдылық пен қиялды қажет етеді. Мен күрделі тігін техникасын игердім, енді өз цехымды ашқаннан кейін өңірімде құрақ көрпе тігу ісін дамыта аламын, – дейді Айтолқын Мұхитқызы.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Лима Диастың айтуынша, елімізде өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға дайын талантты жастардың саны өте көп және олардың көпшілігі 26 жастан асқан қала тұрғындары. Өңірлер бөлінісінде Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының жастары белсенді түрде өтінім берді. Гендерлік көрсеткіш бойынша өтінімдердің 41,4%-ы ер адамдардан, ал 58,6%-ы әйелдерден түскен.

Zhas Project жобасы – бұл жастарға жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қосымша ресурстар мен өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттің маңызды бастамасы, – деп атап өтті Лима Диас.

Айта кетсек, Zhas Project жобасы жастарға жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қосымша ресурстарды алуға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттің маңызды бастамасы.

Барлық өтінімдер Zhas Project жобасын жүзеге асыратын 10 өңірлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қабылданды. Конкурстың қорытындылары мен жеңімпаздары туралы толығырақ www.cisc.kz сайтындағы Zhas Project жобасы бөлімінде көрсетілген 10 өңірлік үкіметтік емес ұйымдар сайттарының сілтемелері арқылы өтіп таныса аласыздар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға