Жаңалықтар

Жұмысшы тоқ ұрып қайтыс болды: оқиғаға қатысты тергеу басталды

Жұмысшы тоқ ұрып қайтыс болды: оқиғаға қатысты тергеу басталды
Фото: © Polisia.kz 04.05.2023 14:44 561

Ақмола облысында жұмысшының қазасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 30 сәуір күні Көкшетау қаласындағы Ташенов – Уәлиханов көшесінің қиылысында болған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшы тоқ ұрып қайтыс болған. Ал оның жасы небәрі 20-да екен.

Осы дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға