Жаңалықтар

Жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп келушілер саны артты – Смайылов

Жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіп келушілер саны артты – Смайылов
Фото: t.me/KZgovernment 12.07.2023 12:36 636

Жыл басынан бері жұмыс күші тапшы өңірлерге басқа өңірлерден 1300-ден астам отбасы көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті жұмыспен қамту органдары «10 мың тұрғынға – 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындары аясында 947 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған.

Жыл басынан бері жұмыс күші тапшы өңірлерге басқа өңірлерден 1300-ден астам отбасы көшірілді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар көшіп келушілердің жаңа жерде тұрақтап қалуға мүдделі болуы үшін олардың бейімделуіне көбірек көңіл бөлу қажет. 1 шілдеден бастап өңірлерде Еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмыс істей бастады. Бүкіл республика бойынша жұмыс орындарының бірыңғай базасы құрылуда. Бұл азаматтардың қала немесе аудан шегінде ғана емес, сондай-ақ өз облысында немесе одан тысқары жерлердегі бос жұмыс орындарына жұмысқа тұруына мүмкіндік береді, - деді Смайылов.

Оқи отырыңыз:

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, өз ісін дамыту үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Соған орай бүгінде 5 мыңнан астам грант және жастарға 1,5 мыңнан астам микрокредит берілді. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 %-пен жеңілдетілген кредит берілген. Бұл шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға