Жаңалықтар

«Жұмыс істелмегені көрініп тұр». Ринат Зайытов заңда кеткен қателерге қатысты ескерту жасады

«Жұмыс істелмегені көрініп тұр». Ринат Зайытов заңда кеткен қателерге қатысты ескерту жасады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 19.06.2024 12:02 463

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасындағы қателерді тізбектеп айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудармаға қатысты айта кетсем, доғарыстағы дегенді орысшаға аударсаңыз, «прекращенное» болады, отставкадағы (аудармасы – ред.) шеттетілген судья болады. Заң қазақ тіліне аударылып жазылатынын да ескергеніңіз жөн. Біріншіден, осы жұмыс тобына үлкен алғыс білдіргім келеді. Өйткені Үнзила Шапаққызы баяндамасының өзінде жұмыс істелмегені көрініп тұр. Бұл да сот жүйесін жетілдіруге үлкен үлес қосады деп ойлаймын, - деді мәжілісмен.

Депутат елімізде соттың ашық өтуі сирек кездесетін жағдай екенін алға тартты.

Ықпалды Парламент болуы керек деген президенттің жақсы сөзі бар. Соттың ашықтығына қатысты айтарым, менің өзім соттың қабылдауына жазыла алмағаныма бір жылдан асып кетті. Қабылдамайды, жабық. Кейбір соттардың өзінде сотталушылардың «менің сотым ашық өтсін» деген сөзін қабылдамайды. Осы орайда соттың ашықтығы мен Парламенттің ықпалдылығын арттыру мақсатында заңның аясында қандай да бір сабақтастық табуға бола ма? Ең болмаса жылына екі рет талқылауға ешкім есеп сұрап отырған жоқ. Өйткені бізге сот бойынша өте көп шағым келеді. Ал регламент бойынша сот ісіне араласуға біздің құқығымыз жоқ. Сонымен қатар сот шешімінің орындалуы қатты тапқа бөлінеді. Кейбір адамдардың шешімін бір-ақ күнде орындап тастайды. Ал кейбір адамдар қолында сот шешімі болса да жылдап орындата алмайды. Осыны қалай жетілдіруге болады? - деді ол.

Ринат Зайытовтың бұл сауалына Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ жауап берді.

Биліктердің арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ететін механизмдер бар. Бірақ тікелей сот билігіне заң шығарушы билік барып, оның ісіне араласа алмайды. Дегенмен заңдағы белгілі шектеулер арқылы мүмкіндіктеріміз бар. Сондықтан да кассациялық сотты бекіткен бірден бір себебіміз осы, - деп түсіндірді Үнзила Шапақ.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға