Жаңалықтар

Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша жаңа келісімнің әлеуметтік маңызы зор болмақ

Жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша жаңа келісімнің әлеуметтік маңызы зор болмақ
Фото: Сауда және интеграция министрлігі 02.12.2023 02:33 1606

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл келісіммаусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін болады. Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесеотырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. 

Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға