Жаңалықтар

«Жұлдызай-2023»: Астанада инклюзивті ойындар өткізіледі

«Жұлдызай-2023»: Астанада инклюзивті ойындар өткізіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі 07.09.2023 23:12 584

Астана қаласында «Жұлдызай-2023» ұлттық инклюзивті ойындары өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жұлдызай» қоры ерекше спортшыларға арналған спартакиаданы 2016 жылдан бастап өткізіп келеді және сайыстар 2022 жылы алғаш рет «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары ретінде жаңа форматта өтті.

Биыл «Жұлдызай-2023» ойындары Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек cарайында, «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде және 10 гимназияда өткізіледі.

Ойындарды өткізу мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануға, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорттық әлеуетін арттыруына ынталандыруды.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті, ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті, «Жұлдызай және К» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

«Жұлдызай» ойындарын өткізу бағдарламасы:

Ойындарға 10-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысады, олар спорттың мынадай 7 түрінен сайысатын болады:

- жеңіл атлетика
- голбол
- мини-футбол
- үстел теннисі
- ұлттық ойын түрлері: «бес тас», «асық ату» және «тоғыз құмалақ».

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар саны 400-ден астам баланы және 80 жаттықтырушыны құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға