Жаңалықтар

Жұлдыз жорамал: көктемде кімдер табысқа кенеледі?

Жұлдыз жорамал: көктемде кімдер табысқа кенеледі?
Фото: © Pixabay.com 21.02.2024 11:01 13958

Астрологтар көктемде табысқа кенелетін белгілерді атады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тоқты. Көп жұмыс істеп келе жатқан Тоқтылар көктемде шыдамдылығы үшін марапатталады. Әсіресе, кәсіп саласында жолы болмай жүргендердің айы оңынан туады. Оларды мол байлық күтіп тұр. Тек даңдайсып, шығынға батып кетпесе болды.

Шаян. Көктем мезгілі Шаяндар үшін берекелі болады. Қаржыны тек дұрыс бағытта жұмсай білгендер ғана өздерінің көп мәселелерін шеше алады. Ойда жүрген жылжымайтын мүлікке қол жеткізуге мүмкін немесе сол сияқты құнды затқа қолдары жетеді. Ал жөн-жосықсыз, бей-берекетсіз шығын жасағандар, керісінше айтарлықтай проблемалар тауып, қиындыққа тап болады. 

Арыстан. Бұл белгіде туғандарды көктемде жақсы жаңалық күтіп тұр. Жұмысы алға басып, қолға алған ісі дөңгеленіп кететініне күмәні болмасын.

Сарышаян. Көктемде жұмыс барысында алға ілгерілеу болып, жаңа табыстар күтіп тұр. Сарышаяндар өздерінің жаңа қырларын ашып, көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге уақыт таяды. Табыстары артып, ойда жүрген шаруаларын жасауға таптырмас мүмкіндік туып тұр деген сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға