Жаңалықтар

Жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адам ұсталды

Жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адам ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 26.10.2023 22:11 482

Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде көліктегі Полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады. 

Күдіктілердің, алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита), - деп мәлімдеді Б.Малыбаев.

Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген.

Сондай-ақ ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлерімен Қылмыстық кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға