id="44444" Жұбанов университетінде Әбілқайыр ханға арналған халықаралық конференция өтті - el.kz

Жаңалықтар

Жұбанов университетінде Әбілқайыр ханға арналған халықаралық конференция өтті

Жұбанов университетінде Әбілқайыр ханға арналған халықаралық конференция өтті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 13.10.2023 19:35 642

Ақтөбеде көрнекті тарихи тұлға Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында «Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Конференцияда еліміздің белгілі ғалымдары мен әскери қолбасшы туралы терең зерттеу жүргізген шетелдік тарихшылар бас қосты. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Серік Әжіғали бар. Тарихшы Хан моласы қорымын зерттеуге 30 жылдан астам уақытын арнап, онда Әбілқайыр ханның жерленгенін дәлелдеген. Сондай-ақ іс-шараға шақырылған қонақтардың арасында Ұлы билеушінің ұрпағы - Амангелді Жангереев те болды.

Конференцияда ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерін баяндап, отандық және шетелдік зерттеулердегі Әбілқайыр ханның тарихтағы орны, қайраткерлігі мен адами кескін-келбеті жайында талқылады.

Әбілқайыр ханның біздің тарихымыздағы рөлі мен маңызын қайта қарастыратын кез келді. Әбілқайыр хан бұл жай ғана тарихи тұлға емес, ол XVIII ғасырда болған Қазақ хандығының барлық аумақтық тұтастығын сақтау мен қалпына келтіруде шешуші рөл атқарды, - дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкері Ернар Ужкенов.

Жиында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші тарихшысы Ғалия Шотанова тарихты өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтіп, тарих ғылымына қызығушылық танытатын жастарды қатардан көргеніне ризашылығын білдірді.

Сонымен бірге, конференция аясында Жұбанов университетінің профессоры Гүлбану Ізбасарова «XVIII-XIX ғасырдың басындағы Ресей империясының аймақтық саясатындағы Батыс Қазақстан» монографиясын таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға