Жаңалықтар

Жуалы ауданында бұзылған автобустан 51 шет ел азаматы құтқарылды

Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Жуалы ауданында бұзылған автобустан 51 шет ел азаматы құтқарылды
Фото: gov.kz 02.02.2023 14:13 1031

Жамбыл құтқарушылары қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Алматы-Ташкент автожолының 570 шақырымында тоқтап қалған автобустан 51 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автобуста Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болды, олардың арасында 5 мектеп жасына дейінгі балалар болған.

Оқиға орнына құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен кезде аталған автобус Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының шекарасындағы Жібек жолы (Черняевка) кеден бекетінен шығып, Астана қаласына бағыт алған, алайда автобустың қозғалтқышы бұзылып, Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында қалып қойғаны анықталды. Барлық азаматтар Нұрлыкент ауылының мәдениет үйіне жеткізіліп, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Сол күні 17 сағат 30 минутта Шымкент қаласынан қосымша шақыртылған автобусқа отырғызылып 51 адам өз бағыттары бойынша жөнелтілді. Өз кезегінде жолда қалған жолаушылар діттеген жерлеріне тездетіп жетуіне атсалысқан барлық қызметкерлерге алғыстарын білдірді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға