Жаңалықтар

ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды

ЖСДП Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды
Фото: instagram.com/osdp.kz 28.03.2023 11:02 1223

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

19 наурызда өткен сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.

Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:

  • Нұрлан Әуесбаев;
  • Асхат Рахымжанов;
  • Ажар Сағандықова;
  • Наурыз Сайлаубай.

«ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді»,-делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға