Жаңалықтар

ЖСДП «Amanat» партиясының меморандум жасасу ұсынысынан бас тартты

ЖСДП «Amanat» партиясының меморандум жасасу ұсынысынан бас тартты
Фото: baq.kz 18.02.2023 19:36 3412
ЖСДП әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ЖСДП оппозициялық партиясының біршама тарихы бар және ол әрқашанда саяси күрес қазанында қайнап, сайлауға қатысып тұрады. Осы күнге дейін біз билікпен, әсіресе, онымен тікелей байланысты партиялармен ешбір келісімге қол қойған емеспіз. Оппозиция биліктің қуыршағы, жалған саяси ойындардың қатысушысы болған емес, болмайды да. Екіжүзділік таныту қолымыздан келмейді. Біз секілді оппозициялық партия үшін билікке жақын партиялармен одақ әрі блок құру – өрескел дүние. Болашақта да ондай қадамға бармаймыз, - делінген партия хабарламасында. 
 
Айта кетейік, мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдері әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қойған боладын. ЖСДП бұл бастаманы қолдамады. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға