ЖСДП Әлихан Смайыловтың кандидатурасына не себепті қарсылық танытқанын айтты
Фото: instagram.com/nurlan_auesbaev
Фото: instagram.com/nurlan_auesbaev
30.03.2023 12:50
1003
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Премьер-Министр лауазымына кім лайықты екені жөніндегі пікірімен бөлісті. Бұл туралы Парламент кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Үкіметтің істеген жұмыстарын көрдік, біздің көңіліміз толмайды. Біз бұны ашық айттық. Дегенмен бұл лауазымда кімді көретінімді айта алмаймын. Қазақстанда 20 млн адам тұрады. Олардың ішінен бұл лауазымға лайықты адам табылады», - деді депутат.
Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Нұрлан Әуесбаев Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың қайта сайлануына қарсы екенін жеткізген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Глубокое ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Келесі жаңалық
Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды