Жаңалықтар

Жозе Моуринью жұмыссыз қалды

Жозе Моуринью жұмыссыз қалды
Фото: © Getty IMAGES 16.01.2024 16:13 653

«Рома» Жозе Моуриньюдің команданың бас бапкері қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 жастағы маманмен келісімшарт 2024 жылдың маусым айына дейін жасалған болатын.

Команда соңғы бес ойында тек бір рет жеңіске жетті. Ал биылғы турнирлік кестеде 20 турдан кейін 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Моуринью «Романың» тізгінін 2021 жылғы жазда ұстады. Португалиялық бапкермен клуб 2021/22 маусымда Конференция лигасында жеңіске жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға