Жаңалықтар

Жошы ханның кесенесіне жетуге Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінді

Жошы ханның кесенесіне жетуге Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінді
25.05.2023 18:25 630

Ұлытау облысында "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" бағытындағы жол құрылысына Ұлттық қордан 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын және туризмді дамыту бойынша облыстық маңызы бар "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" автомобиль жолының құрылысының ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны – 6,1 млрд теңге. 2023 жылы "Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбаул кесенесі" автомобиль жолының құрылысына Ұлттық қордан 1 млрд теңге бөлінді, - деп хабарламада. 

Жыл соңына дейін 3 дана су өткізгіш құбырды орнату, 8 шақырымдық ірі және ұсақ түйіршікті асфальтбетонды төсеу, сондай-ақ көпір тіректерінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға