Жаңалықтар

"Жошы хан": Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.01.2024 13:30 2431

Тарихшылардың пайымдауынша, биыл Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толған. Бұл туралы Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында: «Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады» деген еді.

Осы датаға орай Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы Думан Рамазанның қаламынан туған «Жошы хан» драмасы қайта сахналанды.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов режиссерлығымен сахналанған қойылымның тұсауы былтыр маусымды кесілген болатын.

Дегенмен ұлыс құрған ұлы ханды көруге келген көрерменнің қарасы бұл жолы да қалың болды. Сахна шымылдығы түрілгеннен-ақ көне дәуірдің лебі есіп, көрерменді бірден тарих қойнауына тартып әкетті. Қойылымның әр деталі мен сахнаның декорациясы үлкен дайықтың болғанын аңғартып-ақ тұр. Жарық пен музыканың үйлесімділігі, LED экранның мүлтіксіз қабысуы көрерменді одан сайын ынтықтыра түсті.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Үргеніш шаһарына жасалған қанды жорықтың алдында «жазықсыз жандардың қанын төгуге болмайды» деген Жошының қарсылығы Шыңғыс ұлдарының арасында дау тудырды. Себебі Жошы сол сөзі арқылы хан әкесі Шыңғыстың «Жасақ заңына» қарсы келіп тұр. Ал, жарлықты бұзғанның жазасы – өлім.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Сахна төріне Шыңғыс хан көтерілгенде қойылымның бояуы тіпті қоюлана түсті. Қарап отырып «жарты әлемді жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстаған әйгілі Хан Шыңғыс өмірде де осындай-ақ болған шығар-ау!» деген ой келеді. Және оның әрбір қатаң шешімінен қатыгездік емес үлкен көрегендік пен парасаттылық аңғарылады.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Өзі сенген оғыланының «Жасақ заңын» өрескел бұзғанын естігенде Шыңғыс хан оны өлім жазасына кесуді бұйырады. Бірақ өзге бауырлары оған араша түсіп, кешірім жасауын немесе ағасының жолында өздерін де құрбандыққа шалуын сұрап отырып алады. Ұлдарының бұл бауырмалдығына Шыңғыстың да іші жылып қалғандай.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ол тіпті Құлан қатын мен Көкеші бақсының алтын тақты аудармақ болған жасырын әрекетін де іштей сезіп жүргендей. Ешкімнің арбауына түспей, жарлығына қарсы келген қай жақынын да әділ жазаға тарту тек Шыңғыс ханға ғана тән қасиеттей көрінді.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ұлы ханның Бөртеден туған ұлдарын бір-біріне айдап салмақ болғандардың да арманы әдірам қалды.

Жошы хан халықтың жүрегіне қарумен емес ақылмен де жол табуға болатынын түсінген тұлға. Ол әкесіне ұлысқа қарсы шыққандардың барлығын қырып салғанмен қарсыластың қатары көбеймесе азаймай тұрғанын, сондықтан жаулап алуды мақсат тұтып жазықсыз жандарды өлтіруге болмайтынын айтады. "Бір замандарда біздің ұрпағымыздың басына сол айналып келеді деп ойламамайсыз ба?" деп әкесіне сұрақ қояды. Бұл Жошының гуманист әрі болашағын тереңнен ойлаған хан екенін аңғартады. Алтын ұрықтың басы болған ұлын Шыңғыс хан да түсіне біледі. Ел басқарудағы әке мен баланың арасындағы ой айырмашылығы, көзқарастарының бөлек болуы - спектакльдің өзегі, - деді қоюшы режиссер Болат Ұзақов.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Ал Шыңғыс ұлдарының еншісін бөліп бергенде Жошы Дешті Қыпшақтың сайын даласынына иелік етеді. Драманың дәл осы тұсы қойылымның негізгі ойын аша түседі. Мөңке би мен Кетбұға жырауды қасына кеңесші қылған Жошы хан Ұлытаудың төрінде Ұлы мемлекет құрады. Жошының әрбір жарлығы мен шешімін залда отырған көрермен де бүгінгі күннің жарлығынай қабылдап, дүркін-дүркін қол соғып отырды.

"Жошы хан":  Ұлттық мемлекеттігіміздің алтын дәуірі
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қойылымның соңында елдің бірлігі мен біртұтастығын, қуатты болғанын ойлаған Жошы хан тай қазан көтеріп: «Бір қазаннан ас татып, бір тудың астына ұйысқан жұртымыздың келешегі көркем, елдігі мығым болғай!» деп бата қылады. Біз де «Хан тілегі хабыл болғай!» дедік ішімізден.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға