Жаңалықтар

Жолдауды талқылауға арналған дәріс

Жолдауды талқылауға арналған дәріс
07.03.2018 09:20 2769

С.Аманжолов атындағы «Алтайтану» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, ҚХА кафедра меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Столярова Элеонора Олеговна ҚАЕУ және ШҚМУ колледж студенттеріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талқылауға арналған дәріс сабағы өтті.

Шара мақсаты - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бұл жолғы халыққа арнаған жолдауының, ел жастары үшін маңыздылығының жоғары екендігін түсіндіру және студент жастарға жолдауды кеңінен насихаттау.

Әрбір азаматтың осы бір стратегиялық маңызы зор идеяны жүзеге асыру барысында тындырар тиянақты ісінің ерекшелігін талқылады. Жалынды жастар бас қосқан жиында студенттер өзара пікір алмасып. Ортаға салынған тақырыпты қызу талқылады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға