Жаңалықтар

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүлдер мен сыйлықтар берілді

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүлдер мен сыйлықтар берілді
Фото: ҚТЖ 08.03.2024 14:44 494

Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыға гүлдер мен сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ мәліметінше, әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлып, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды.

Сыйлық алған әйелдер қауымы ықылас лебіздерін айтып, жолсеріктерге алғыстарын білдірді. Сондай-ақ бұл күні еліміз бойынша 8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты. Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыстарда жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында орта есеппен 13 млн астам жолаушы қатынайды, олардың ішінде жартысы әйелдер қауымы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға