Жаңалықтар

Жолаушы Атырау-Алматы пойызында босанып қалды

Жолаушы Атырау-Алматы пойызында босанып қалды
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 27.05.2023 01:32 447

Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 25 мамыр күні №29/30 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келген.

Бригада қызметкерлері «Атырау – Алматы» бағыты бойынша жолаушыға босану кезінде көмек көрсеткен.

Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысады. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасап, сағат 21:52-де сәби дүниеге келді, - делінген хабарламада.

Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай болғанда пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға