Жаңалықтар

Жол сапасына қатысты тұрғындардың арыз-шағымын Үкімет қалай шешіп жатыр?

Жол сапасына қатысты тұрғындардың арыз-шағымын Үкімет қалай шешіп жатыр?
Фото: t.me/KZgovernment 28.11.2023 11:00 1069

Тек биылғы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

2030 жылға дейін барлық халықаралық автомобиль дәліздерін жаңғырту жұмыстары аяқталатын болады. Басты мәселе – жол құрылысының сапасын қамтамасыз ету. Жол сапасының нашарлығы тұрғындардың наразылығына себепші болып отыр. Әсіресе сапасыз жөндеу жұмыстарына қатысты айтылып жатқан сын көп. Тек биылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарына қатысты 19 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті, – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Мәселен, жол азабын тартқан Қостанай облысының тұрғындары Ұзынкөл станциясы мен Троебратское ауылы арасындағы әбден тозып біткен жолға қатысты ұжымдық хат жазған. Үкімет басшысы «Бұл жол осы өңірді көршілес Солтүстік Қазақстан облысымен байланыстырады және Ресейге қарай транзиттік жол болып табылады. Биыл Ақтөбе облысының Жұрын станциясы мен Орқаш ауылы арасында қиыршық тас төселмеген сапасыз жол салынған», – деді.

Осы жылы 16 ірі жоба іске асырылуда, оның үшеуінде жұмыстар толығымен аяқталды. Атап айтқанда, Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Биыл халықтың шағымдарын ескере отырып, барлық күш 4-5 жыл бұрын басталып, құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталды, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Айта кетейік, министрлік жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет етілетінін тілге тиек еткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға