Жаңалықтар

Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады

Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады
Фото: mobilaser.kz 22.02.2023 15:26 1403

Әділет министрлігі “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жаңа заңға сәйкес жылдамдықты сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырған жүргізушілерге 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған. Егер жылдамдықты 80-нен артық асырса 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Сондай-ақ 593-бапқа да өзгерістер енгізілді. Яғни, қауіпсіздік белдігін тақпағандар, мотошлемсіз жүргендер, жолаушыларды автокөлік кабинасынан тыс жерде тасымалдағандар 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ қарсы бетке шығып кеткендер үшін де жаза ауырлай түскен. Оларға жол ережесін бұзғаны үшін 30 АЕК (103 500 тенге) айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға