441.12
465.6
5.82

Жол апатына келе жатқан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшыраған

Мәлім болғандай, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
20.08.2022 05:35 855

«Талдықорған – Үштөбе» трассасында екі машина соқтығысты, деп хабарлайды EL.KZ.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, зардап шеккендерге асыққан медициналық бригада көлігі де апатқа ұшыраған.

Жол апаты 19 тамыз күні кешке «Талдықорған – Үштөбе» тасжолында болды. Газель мен Nissan автокөліктері соқтығысқан.

Жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болғаны анықталды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім болғандай, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады.

Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге залал келген, - деді полициядан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар