Жаңалықтар

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Фото: © El.kz 03.04.2024 15:29 533

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын қызметінен босату туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы президентінің Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураларды талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарды. Қазақстан Республикасы президенті ұсынысы негізінде комитет Парламент Сенатына Әбдірашид Төлегенұлы Жүкеновті, Зәуре Балғазықызы Кейкібасованың орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатуды ұсынады, - деп атап өтті Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров.

Мәулен Әшімбаев әріптестерінің өздеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроймен атқарғанын айтты. Сенат төрағасы алдағы уақытта барлық ісіне сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға