Жаңалықтар

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Фото: © El.kz 23.11.2023 11:05 437

Сенат отырысында Жоғарғы сотының судьясы Мейрамбек Таймерденовті қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Судья лауазымын атқарудың шекті жасына толуына байланысты оны қызметінен босату мәселесі қаралды. Сенат депутаттары аталған ұсынысты қолдады.

Мейрамбек Таймерденов 1958 жылы туған. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.

1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет етті.

1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

1999 жылы Алматы облыстық сотының судьясы қызметін атқарды.

2001-2005 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы.

2006 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметінде болды.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды.

2013 жылғы желтоқсаннан Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Ал 2019 жылы Жоғарғы сот судьясы болып сайланды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға