Жаңалықтар

Жоғарғы сот Жоламановаға қатысты мәлімдеме жасады

Бұл шешім заңды күшіне енген жоқ, С.С. Жолманова Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Жоғарғы сот Жоламановаға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден 12.10.2022 03:38 2055

Кейбір БАҚ Жоғары Сот Кеңесі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы С.С. Жолманованы қызметінен босатуға қатысты ақпаратты жасыратыны туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, өйткені Жоғары Сот Кеңесі өз қызметін ашықтық пен жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады. 2022 жылғы 6 қазанда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы С.С. Жолмановаға қатысты судьяның сот істері бойынша тараптардың өкілдерімен процестік емес байланыс жасауына байланысты судьялық әдепке қайшы келетін теріс қылық жасау фактісі бойынша тәртіптік іс қарады - делінген хабарламада.

Сот жюриі судья С.С. Жолмановаға лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім заңды күшіне енген жоқ, С. С. Жолманова Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға