Жаңалықтар

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: тергеу барысын бас прокурор жеке бақылауына алды

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: тергеу барысын бас прокурор жеке бақылауына алды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 11.10.2024 11:29 636

Қостанай облыстық прокуратурасы Жітіқара ауданында болған қайғылы оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, 2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Өртті сөндіруді ТЖД, «Қостанай минералдары» АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру, - делінген мәліметте.

Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.Бекбосынов барған.

Ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын еліміздің бас прокуроры Берік Асылов жеке бақылауына алды.

Айта кетейік, жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылған, салдарынан бір үйдің бес баласы қайтыс болды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға