Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев тақуалыққа бет бұрғанын мәлім етті

Жигули Дайрабаев тақуалыққа бет бұрғанын мәлім етті
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.04.2023 09:31 2302

 Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев жемқорлыққа байланысты шартты түрде сотталған ұлдарына қатысты сырттай қаралаушылар көбейгенін айтып, пост жазды. ол қазір Рамазан айында тақуалыққа бет бұрып, үндемегенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта көптеген блогер, журналист, саясаттанушы, әйтеуір барлық саланы білгіш маманысымақтар көбейіп кеткені байқалады. Бір мәселені толықтай жан-жақты зерделемей, шындыққа көз жеткізбей, хайп қуып, шындыққа сай келмейтін сөздер айтып жатыр, - дейді Жигули Дайрабаев.

Ол желіде ақшаға тапсырыс беріп, біреуді біржақты қаралау көбейіп кетті деп отыр. Бұл – елдің, қоғамның болашағы үшін өкінішті жағдай екенін айтқан. Сондай-ақ ол ешкімнен жасырынбай, өзінің балаларына қатысты жауап бергенін жеткізген. Балаларым - өз-өздеріне жауап бере алатын азаматтар деп отыр.

Жұмыстарын адал істеп, мемлекеттен көмек алып, халыққа жұмыс орнын беріп жүрген кәсіпкерлер. Балаларым өздерін заңнама талаптарына сай қорғауға құқылы, және мемлекет алдында кәсіби іс- әрекеттерінің адалдығын дәлелдеу үшін күреседі, -дейді депутат.

Сонымен қатар өзіне де жала жауып, қаралау мақсатында, кейбір өмірге өкпелі азаматтар ішіндегі бүкіл қаралығын шығарып жатқанын естідім деп айтқан.

Мен істемегенді істеді деп, сөйлемегенді сөйледі деп жалған өсек таратушыларға тек жаным ашиды. Оларға тек жанымыз ашу керек, өйткені жала жабу, біреуді артынан жамандау – өте ауыр күнә және арсыз, абыройсыздардын ісі, - дейді Жигули Дайрабаев.

Бұған дейін үндемегенінің себебі, Рамазан айында ораза ұстап, тақуалыққа, дінді терең зерттеуге бет бұрып, біраз сұрақтарға жауапсыз қалдырған екен.

Соны көбісі әлсіздік немесе кінәсі бар шығар деп ойлап қалған сияқты. Сол үшін арнайы осы постты жазайын деп шештім. Алланын алдын да арымда, жүрегім де таза!Қазақстан халқына, осы уақытқа дейін адал қызмет етіп келемін, Парламент депутаты ретінде де қызметімді адал атқарып, жалғастырамын!, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға