Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Exit poll қорытындысы бойынша 3,33% пайыз дауыс жинады
Жигули Дайрабаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Фото: baq.kz 21.11.2022 01:58 1391

«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевқа халықтың 3,33 пайызы дауыс берді. Бұл «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген экзитполдың алғашқы деректері, деп хабарлайды  El.kz «Хабар 24» ақпарат арнасына сілтеме жасап. 

Жигули Дайрабаев алдын-ала мәліметтердің мүлдем көңіл көншітпейтінін айтты. Алайда бұл болжам шындыққа жанасатынын айтты.

Халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен маған сеніп дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен рахметімді айтамын. Саяси науқанда айтылған бағдарламамыз тек сайлаумен тоқталмайды. Бағдарламамызды жүзеге асырып, қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін күш жігерімді арнаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын. Ел игілігі үшін қызмет етеді деп кәміл сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін, - деді Жигули Дайрабаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға