Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді

Қазақстанның 20 өңірінен 125081 азаматтың қолы жиналған
Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Фото: baq.kz 17.10.2022 19:25 1322

Орталық сайлау комиссиясының кезекті 17 отырысында ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды El.kz

ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан ұсынылған Жигули Дайрабаевты Президенттікке түсу туралы өтініші қаралғанын, мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі анықталғанын айтты. 

ОСК шешіміне сәйкес, Жигули Дайрабаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелді. Қазақстанның барлық өңірлерінен125081 азаматтың қолы жиналды. Оның ішінде бүгінгі күні 122246 тексерілді және 119975 сенімді деп танылды. 

«Ауыл» партиясымен сайлауалды дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сайлауда мына азамат мықты, мына азамат әлсіз деп айта алмаймын. Саяси додада біз өзіміздің тәжірибемізді Қазақстанның әлеуметтк-экономикасының дамуына жұмсаймыз. Сайлаушыларға айтарым береке-бірлікті сақтау маңызды», - деді Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев. 

Айта кетейік, ОСК хатшысы отырыста Мұхтар Ерман кезектен тыс сайлауға 4 халықаралық ұйымдар мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушының кандидатуралары аккредиттеуге ұсынылғанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға