Жібек Құламбаева ширек финал жолдамасы үшін күреседі

Жібек Құламбаева ширек финал жолдамасы үшін күреседі
Фото: ҰОК

Теннисші Жібек Құламбаева Гаага қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің 1/8 финалына өтті.

Алғашқы ойналымда отандасымыз жарыстың бірінші ракеткасы Нурия Бранкаччоны жеңді. Ойын 6:2, 1:6, 4:6 есебімен аяқталды. Осылайша Жібек Құламбаева ширек финал жолдамасы үшін германиялық Йоэль Штойрмен кездеседі. 

Жібек Құламбаева кім?

Жібек Құламбаева 2016 жылы мансабын бастайды. Жекелей сында да, жұптық сында да өнер көрсетеді. Әсіресе, жұптық сында өзін суда жүзген балықтай сезінеді. Көбінесе топтырақ төсеніште (грунт) өткен жарыс оң жамбасына келеді. 

2025 жылы алғаш рет Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 турнирінде жұптық сында топ жарды. Дәл осы бағытта 37 ITF турнирінде жеңіске жетті. Әр жылы Григорий Ломакин, Вероника Эрьявец (Словения), Мартина Кубка (Польша), Сапфо Сакеллариди (Грекия), Екатерина Яшина (Ресей), Екатерина Рейнгольд (Ресей) жұп болды.

Жақында  Қытайдың  Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінде жұптық сында топ жарды. Отандасымыз Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Рейнгольд осы турнирдің 2 ракеткалары болып тіркелген. Олар  жартылай финалда қытайлық Жангсу Хан – америкалық Эми Жуды жұбымен кездесті. Тартысты бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп (7:5; 6:1) жеңіске жетті. Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева – Рейнгольд 3 эйспен бірге 5 брейкке қол жеткізді. Олар финалда  италиялық Дилетта Черубини – қытайлық Ченги Юань жұбымен бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде, 6:1;6:1 есебімен айқын жеңіске жетті. 

Қазір осы разряд бойынша әлемдік рейтингте 173 орында тұр. 

Оқи отырыңыз