Жаңалықтар

Жібек Құламбаева Италияда өткен турнирдің жұптық сынында топ жарды

Жібек Құламбаева Италияда өткен турнирдің жұптық сынында топ жарды
Фото: ҚР теннис федерациясы 16.07.2023 09:50 767
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Италияда өткен ITF W60 турнирінің жұптық сынында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі, Қазақстан ракеткасының беларусь теннисшісі Юлия Готовкомен бірге колумбиялық  Джулиана Лисарасо / Мария Паулина Перес Гарсияға қарсы ойында 6:4, 6:4 есебімен жеңгенін мәлімдеді.
Жібек Құлымбаева жұптық сын бойынша ITF-тің 22 титулына ие болды. Бұған дейін ол W15 және W25 санатындағы турнирлерде жеңіске жеткен болса, W60 сериясында алғаш рет жеңіс тұғырына шықты. Римдегі жетістігінің арқасында Құламбаева жұптық сында WTA-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде өзі үшін рекордтық  деңгейге көтеріліп, 174-ші орынға жайғасып отыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға