Жаңалықтар

Жезқазғанда жаңа университет құрылады

Жезқазғанда жаңа университет құрылады
Фото: © El.kz 22.08.2023 23:12 980

Премьер-министр Әлихан Смайылов Жезқазған қаласында Ұлытау техникалық университетін құру туралы Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлытау техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Ғылым және жоғары білім министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалсын», - делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.  

Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр Ұлытау облысына сапары барысында Жезқазғанда мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыру туралы тапсырма берген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға