Жаңалықтар

Жезқазған-Қызылорда жолы іске қосылады. Премьер-министр халықты қуантты

Жезқазған-Қызылорда жолы іске қосылады. Премьер-министр халықты қуантты
Фото: primeminister.kz 14.04.2023 14:19 926

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр «Жезқазған – Қызылорда» жолын іске қосу Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беретінін айтты.

«Қазір Жезқазған-Қызылорда автожолын басым бағыт ретінде жасауымыз керек. Оған тиісті қаражат бөлініп жатыр. Биыл алғашқы 65 шақырымы іске қосылуы керек. Жалпы біз республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, қайта жарақтау және салу мәселесін алға қойып, басым бағыт ретінде қаржыландырып жатырмыз», - деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, биыл 3,6 мың шақырым жол жөндеуге  420 млрд теңге бөлінеді.

«Соның ішінде Жезқазған-Қызылорда жолы бар. Бұл жолды іске қоссақ, жалпы осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Осы жұмыстарға жергілікті компанияларды барынша тарту керек. Ал Жезқазған-Қарағанды жолының мәселесін қосымша пысықтаймыз. Оның да көзін тауып, қолға алуымыз керек», - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға