Жаңалықтар

Жезқазған қаласында желтоқсаншылармен кездесу өтті

Жезқазған қаласында желтоқсаншылармен кездесу өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі 17.12.2023 08:25 779

Жезқазған қаласы әкімдігі және балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

16 желтоқсан - еліміз үшін ең маңызды, әрі ұлтымыздың өзіндік сана-сезімінің қалыптасуы мен өз тағдырын өзі шешіп, экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық келісімге жету жолындағы маңызды күн. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, - деп, қала әкімінің орынбасары Б. Жайлаубаев атап өтіп, желтоқсаншыларға қаланың Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

Кездесуге ардагерлер, қоғам белсенділері, қалалық прокуратураның прокуроры, БАҚ өкілдері, студенттер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға